08 Желт 2020
Страницы Құрман ОМ

Мектеп өмірінен

Мектеп шежіресі

 

 Көптоғай жеті жылдық үлгі жобадағы мектеп салынғанға дейінгі, 1935-1936 жылдары 2-3 жылдай Қызылжар деп аталатын ауылдың қасындағы үлкендеу үйі бар Қожасай деген кісінің бір бөлмесінде екі мезгіл бала оқитын, бастауыш мектеп ретінде пайдаланған. Алғашқы жылдары бастауыш сыныпта Ізбасаров Бақытжан және 2-3 кісі ұстаздық еткен. 1938-1939-1940-1941 оқу жылдарында толық жеті жылдық мектепке айналған кезде, ұстаздар саны да көбейтіле бастады. Ол кездегі жұмыстың бір ерекшелігі халық жауларын кездестіру бай, молда, мырзалардың бұйымдарының алыстау жылдары болып  ерекшеленеді. Сондықтан ол кездегі ұстаздар да, мектеп директоры да тез өзгертіліп, жиі-жиі ауыстырылып отырылды. Көптоғай жеті жылдық мектебінің құрылысы 1936 жылдары басталып, 1938 жылы пайдалануға берілді. Ол кезде ондай жергілікті ірі құрылыс ауданда санаулы еді. 5-7 кластар үшін әдейі бөлек құрылыс, одан 4 сынып бөлмесі, кітапхана бөлмесі, пионер бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі болды. Барлығы 8-бөлмеде тұрды.Ал бастауыш сыныптар үшін бөлек құрылыс салынды. Онда 5-сынып бөлмелері, мұғалімдер бөлмесі, директор бөлмесі, тамақ ішетін, тамақ дайындайтын әдейі зал мен бөлмелері бар болды.  Ол кезде үлкен үзіліс кезінде оқушыларға тегін тары көже беретін еді. Әр оқушы үйінен көже ішу үшін тостаған – қасықтарын ала келетін еді. Көже дайындаушы, әрі үй күтуші болып Абдол және оның әйелі Ақбатша істеді. Соғысқа дейін көже үзіліссіз беріліп тұрды.  Ауылға сән беретін үлкен құрлыстар көше болып,бірге салынады. Мысалы: мұғалімдер тұру үшін екі үй салынады, нан пісіретін үй, клуб үйі, монша үйі, селолық дүкен қасында зат сақтайтын әдейі склад және селолық совет кеңесі болды.  Онда басқа селолық кеңсе төрағасы және оның хатшысына әдейі үйлер салынып берілді. Тамдыкөл ауылдық кеңесіне қарайтын алты совхоздың ең ірісі де осы Көптоғай колхозы еді . Себебі біз жоғарыда айтқан сол заманда озық ірі құрлыстардан басқа да 20 шақты жеке үйлер болды, алыстан сыртынан қарағанда әдемі көп болып көрінетін,сондықтан да Көптоғай деп атаған . Халқының саны да басқа кіші колхоздарға қарағанда артықтау болды . Мектепте 7 сынып болды. Кейбір сыныптар екеуден болды .

 

 «Көптоғай» жеті жылдық мектебінің алғашқы директоры болып Жаңбыров Қайырша,  Рыспағанбетов Жолдығали . Жасаған мұғалімдері Қуанов Ғазиз,Кейкен Нәренов, Төлеген Әбиев, Жармұхан,Көбен,Құспанғазы Шаханов,Забиров Гарип  кейін атақты заң қызметкері болып істеді. Нұғыманов Аққайдау т.б. Бұл оқушылар 1941-1942 жылдары түгелдей армия қатарына шақырылып,соғысқа атанғандарында орындарына 7-8 бітірген қыз балалар ұстаздық ете бастады .1942-1943 жылдан бастап соғыста жараланған ұстаздар елге оралып,бұрынғы ұстаздық міндеттерін жалғастыра бастады.       

                                                                            

1943-1944 оқу жылында директор болып Сұлтанғалиев Ғұмар жасады. Ол кездегі оқушылар Баженова Айжамал, Орынбасарова Құрманша, Алынқашев Нұржауған, Зейнелла Өтегенов Дүйсен.

 

1946 жылы  мектеп директоры болып Усин Дүйсен келді, ол кездегі мұғалімдер Нұғыманов Аққайдау, Қоғабаев Әбілқами, Бозжігітов Жекей, Тоқтабаев Сенғали, 1969 жылға дейін заң бойынша мұғалімдерді 2-3 жылда міндетті түрде орындары алмастырып отыратын.

 

1948 жылы  Нұғыманов Аққайдау- Ботабай жеті жылдық мектебіне, 1949 жылы Тоқтабаев Сенғали Қарасу бастауыш мектебіне, Бозжігітов Жекей әйелі Ақырыспен Саралжын бастауыш  мектебіне жіберілді. 1948-49 оқу жылында кеткен мұғалімдердің орнына Райхан Тақпанова Жамбыл облысынан жер аударылып келді деп жүруші еді. Ұлты татар Дүтпағамбетов Құттығай Ұлы Отан соғысы уақытында білім беру жұмысын тоқтату үшін соғысқа кеткен мұғалімдердің орнына 7-8сынып бітірген оқушыларды көптеп тарту. Соғыс аяқталған соң  уақытша мұғалім болып жасап, уақыт ағымына ілеспей, білімін сырттай көтермеген кейбір мұғалімдерді жұмыстан босатты.

 

1950-1951жылдары «Көптоғай» жеті жылдық мектебіне Усин Дүйсен директор, Қоғабаев Әбілқами –завуч, Орынбасарова Құрманша, Тоқтақанова Райхан, Дүтпағамбетов Құттығай т.б мұғалімдер жасады. Бұрынғы алты колхоздың ізінде бастауыш мектептерді бітіріп, 5-ші сыныпты оқуға Көптоғайға келді.

 

1952-1953 оқу жылдарында бұрынғы мектеп директоры Усин Дүйсен Алтықарасу орта мектебіне ауысты да, оның орнына Қоғабаев Әбілқами директор болды. Жаңадан келген мұғалімдер Мерғалиев Әділхан, Нұғыманова Ғалия, Шәуленов Салық, Ермұханов Жұмағазы т.б.

 

1950жылы ұсақ-ұсақ колхоздар бірігіп, ірі шаруашылыққа айналдырылған. Ел де еңсесін көтере бастады. Соғыс жылдарында оқи алмай қалған ұстаздар педагогикалық училищелерде, педагогикалық институттарда сырттай оқып бітіре бастады.

 

1954-1955оқу жылында жаңадан ашылған Амангелді жеті жылдық мектебіне директор болып ауысты да, онымен бірге сол мектепке Қоғабаев Әбілқами, Шауленов Салық ауыстырылды.

 

Нұғыманов Аққайдау 1954-55 жылдарда мектеп директоры болған. Көп жылдар оқу ісі жөніндегі орынбасар болған. 1966 жылдан бастап мұғалімдік қызметте жүрген.

 

Көптоғай жеті жылдық мектебіне директор болып 1955-56 жылдары Құрманалин Кәдір, оқу ісінің меңгерушісі болып, Ержанов Мінсізбай келді. Осы оқу жылында кеткен мұғалімдердің орнына Бөлекшурина Насиха, Әменкина Зәуре келді. 1955-1956 оқу жылында Ержанов Мінсізбай, Бөлекшурина Насиха Саралжын жеті жылдық мектебіне ауыстырылды да, олардың орнына Шөжебаев Әбдікарім, Қосанова Бұлдай келді.

 

1956-1957оқу жылында Меңгереева Райса, Әбдірахманова Несібелі ұстаздыққа келді.Бұл кездері үкіметте халық ағарту ісіне оң көзбен қарай бастаған кез еді. Үкімет қаулысы бойынша 10-15-20 жыл ұстаздық етсе, әр бес жыл салып марапатын алатын еді. Мектеп директоры Құрманалин Кәдір Еңбек қызыл ту орденімен марапатталса, Нұғыманов Әменкина Зәуре, Меңгереева Райса кетіп, оның орнына Смағұлов Мырзағали келді.

 

1959-1960 оқу жылында Балуанғалиев Ұлжан, Друсин Мұқай келді. Оның біреуі бастауыш кластар маманы, біреуі математика пәнінің мұғалімі. 1962-1963 оқу жылында қазақ тілі маманы Сатығалиев Хасен, тарих пәнінің мұғалімі Серғалиев Жолдай келді. 1962 жылдан бастап жеті жылдық мектеп сегіз жылдық мектепке ауыстырылды. 1962 жылы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сөйтіп 1937 жылы ұсақ колхоз кезіндегі  мектеп 25-жыл пайдаланды. Мектепте сегіз класс комплектісі болды. Мектеп директоры Құрманалин Кәдір, мұғалімдері: Нұғыманов А, Сатығалиев Х, Шөжебаев Ә, Ермұханов Ж, Серғалиев Ж, Друсин М, Балуанғалиева М, Қосанова Б. 1963-1964 оқу жылында Нұртаев Х, Қитанов К, Баетов М мұғалім болып келді.

 

1964-1965 оқу жылында Ақтөбе педагогикалық училищесін қызыл дипломмен бітіріп, Нұғыманова Гүлжамал келді.Ол өз класымен бірге қосымша ән хор үйірмесін, пионер вожатый қызметін қоса атқарды.Соңғы бес жылда Ақтөбе педагогикалық учелищесін бітіріп, бастауыш кластар үшін арнаулы біліммен ,өнермен келген ҚитановК ,Жармұханов Б, Нұғыманова Г, бастауыштар кластар білім мен тәрбие жұмысын өте жоғары деңгейде көтерді. Осы уақыттарда мектептегі бала саны артып, бұрынғыдай екі үш кластарын қосып, басқа пән мұғалімдері беріп келсе, енді әр бастауыш класты бөлек бір мұғалім оқытатын дәрежеге жетті.1966-1967 жылдары Мұхиаров Қайыржан мектеп директоры болған.

 

1967-1968 оқу жылдары Жакиев Сағидолла 6 ай ,Сатығалиев Хасен 6 ай мектеп директоры болған. 1968-1969 оқу жылдарында Құрманов атындағы орта мектебі болады.Осы уақытта директор Тәженов Орақ болды. 1969-1972 жылы Есенғарин Сағын Құрманов атындағы орта мектебінің  директор қызметін атқарған.1972-1977 жылдарда Ержанов Мінсізбай Құрманов атындағы орта мектебінде директор болған.

 

1977-1987 жылдары Нұрлыбек Қалауов директорлық қызметін атқарған. 1985 жылы Көптоғай селосының орталығында 3 қатарлы зәулім мектеп  үйі еңсесін көтерді. Бұл мектепті Ақтөбе медециналық институтының  студенттері және халық түгел жұмылып, сол кездегі совхоз директоры Сариев Кемалдің басшылығымен 5 айдың ішінде іске қосып, пайдалануға берілді. Жаңа  мектептің алғашқы бітірушілері 1985-1988 оқу жылындағы шәкірттері.

1987-1988 оқу жылында Құрманов орта мектебінің  директорлығына 19 тамыз күні Нұғыманова Гүлжамал Аққайдауқызы сайлау арқылы тұрды.Сол кезде мектепте 73 мұғалім,715 оқушы болды.Қазір мектепте 49 мұғалім, 515 оқушы бар .Мектеп 1993 жылдан бастап қазақы тәрбие «Ұлттық мектеп » атты авторлық бағдарламамен жұмыс жасады. 1987-2002 жылдар ұзақ жыл басшылық еткен.

 

 Осы уақыттарда Жұмағазы Әлия физика пән мұғалімі – 1981 ж «ҚР Білім беру ісінің үздігі »значогімен марапатталған, «Жас ұстаздар » мектебін басқарған.

Ташимова Жаңыл Қошымқызы  математика пән мұғалімі -1997 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Құрмет грамотасымен», сол жылы  «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Мағзымов Салауат- 1985-2000 жылдары Құрманов қазақ орта мектебінің жанындағы бюджеттік интернаттың меңгерушісі болды. Еңбектері ескеріліп, «Қазақстан Республикасының  білім беру үздігі» значогімен, «Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған», «Тәрбиеші -методист» атағын алған.

Нысанова Ақзираш бастауыш класс мұғалімі. 1971 жылы Құрманов орта мектепте пионер вожатый болып бастаған. Жұмыс жасап жүріп 1982 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген.Ұстаздық еңбегін еленіп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Бектілеуова Қарлығаш 1973 жылдан- 2009жылға дейін бастауыш кластан сабақ берді. 1991 жылы көп жылғы еңбегі және үздік көрсеткіші үшін «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі»  белгісімен марапатталған.

 

 

Хамитова Рысбике математика пәні мұғалімі. Әртүрлі жарыстарға семинарға қатысып, жақсы жетістіктерге жеткен. 1995 жылы «Қазақстан республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

 Мүсірова Гүлнар Хамитқызы-математика пәні мұғалімі. 1987-2000жылдар аралығында Құрманов қазақ орта мектебінің оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болған. 1999жылы Қазақстан республиасының «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

 Әлжанова Күләнда- орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. 1994 жылы үлгілі мұғалімдік жұмысы үшін «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» атағы берілді.

 2002-2004 оқу жылы аралығында Құрман орта мектебіне  Қыстаубаева Ақтоты директор болып тағайындалды. Оқу орнын бітіргеннен кейін 1994-2000жылдар аралығында Ақтөбеде Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебінде тарих пәнінен сабақ берген.2000-2002 жылдары Жақсыбай негізгі мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болған.

 2004-2009 жылдар аралығында оқу жылдарында Ізбасаров Әбіт Мәмбетұлы Құрман мектеп-балабақшасының  директоры болды. 1985-1986 жылы Құрманов атындағы  орта мектебінде мұғалім, 1986-1991 жылы Құрман колхозында камсамол хатшысы, 1991- 1994 жылы Амангелді с/совет хатшысы, 1994- 2002 жылы Көптоғай әкімі, 2002-2004 жылы Рай. статист. маман болған.

 2009 жылдың 9-сәуірінде Құрман орта мектебіне директор Мүбараков Абат тағайындалды. 2000-2002жылы Теректі негізгі мектебінде мұғалім, 2002-2004жылы Ә. Дербісалин атындағы Саралжын Орта мектебінде мұғалім,  2004-2007 жылы Теректі негізгі мектепте директор, 2007-2009 жылы Жамбыл мектеп- балабақшасында директор қызметін атқарған. 

 2011-2012 жылдары Құрман орта мектебіне  директоры Ниязов Асхат Ермекұлы  тағайындалды.

2012-2013 жылдары Құрман орта мектебіне  директоры Избасаров Әбіт Мәмбетұлы  болып тағайындалды.

2013-2015 жылдары Құрман орта мектебіне  директоры Асылбаев Ерлан Базарбайұлы  болып тағайындалды.

2015 жылы Құрман орта мектебіне  директор Жолдыбаева Дана Саубайқызы болып тағайындалды.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар