Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Құрман орта мектебі» КММ

КГУ «Курманская средняя школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ
        Ел  дамуының тарихында ерекше орын алатын, білім саласындағы ең шежірелі мектептердің бірі  - Құрман орта мектебі. Білім ордасының 85  жылдық тарихы бар.Тарихқа көз жүгіртсек, Көптоғай жеті жылдық үлгі жобадағы мектебі салынғанға дейін, бастауыш мектеп болып 1935-1936 жылдары Қызылжар деп аталатын ауылдың қасындағы үлкендеу үйі бар Қожасай деген кісінің бір бөлмесі пайдаланылған. Оқушылар бұл үйде  2-3 жылдай уақыт оқыған. Алғашқы жылдары бастауыш сыныпта Ізбасаров Бақытжан және 2-3 кісі ұстаздық еткен.                                           
        Мектеп 1938-1941 оқу жылдары толық жеті жылдық мектепке айналған кезде, ұстаздар саны да көбейе  бастаған.«Көптоғай» жеті жылдық мектебінің алғашқы директоры болып Жаңбыров Қайырша тағайындалған. Мектепте  Қуанов Ғазиз, Кейкен Нәренов, Төлеген Әбиев, Құспанғазы Шаханов, Забиров Гарип   (кейін атақты заң қызметкері болып істеді) Нұғыманов Аққайдау т.б. сынды мұғалімдер қызмет еткен.Бұл оқытушылар 1941-1942 жылдары түгелдей армия қатарына шақырылып, соғысқа аттанғандар  орындарына 7-8 бітірген қыз балалар ұстаздық ете бастаған. 1942-1943 жылдары соғыста жараланған ұстаздар елге оралып, бұрынғы ұстаздық міндеттерін жалғастырған.
    1943-1946 оқу жылдарында Сұлтанғалиев Ғұмар мектеп  директоры қызметін атқарған.Ал 1946 жылы  мектеп директоры болып Усин Дүйсен тағайындалып, мектеп  ұжымы Нұғыманов Аққайдау, Қоғабаев Әбілқами, Бозжігітов Жекей, Тоқтабаев Сенғали,  Орынбасарова Құрманша, Тоқтақанова Райхан, Дүтпағамбетов Құттығай  т.б сынды ұстаздармен толықты. Ол кезде 1969 жылға дейін заң бойынша мұғалімдердің орындарын 2-3 жылда міндетті түрде алмастырып отырған.1952-1953 оқу жылдарында Қоғабаев Әбілқами директорлыққа тағайындалып, ұжым жаңадан келген кадрлармен Мерғалиев Әділхан, Нұғыманова Ғалия, Шәуленов Салық, Ермұханов Жұмағазы т.б. толықты.
       Ал 1954-55 жылдарда мектеп директоры болып Нұғыманов Аққайдау тағайындалса, Көптоғай жеті жылдық мектебіне директор болып 1955-56 жылдары Құрманалин Кәдір, оқу ісінің меңгерушісі болып Ержанов Мінсізбай қызмет атқарған. Еңбек еткен жылдарындағы жемісті қызметі үшін мектеп директоры Құрманалин Кәдір Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Осы оқу жылында мектеп ұжымы Бөлекшурина Насиха, Әменкина Зәуре, Шөжебаев Әбдікарім, Қосанова Бұлдай, Меңгереева Райса, Әбдірахманова Несібелі сынды жас мамандармен толықты. 1959-1963 жылдары Балуанғалиева Ұлжан бастауыш класс мұғалімі, Друсин Мұқай математика пәні мұғалімі, Сатығалиев Хасен қазақ тілі пәні мұғалімі, Серғалиев Жолдай тарих пәні мұғалімі болып жемісті еңбек етті. 1937 жылы ұсақ колхоз кезіндегі ескі ғимараттағы мектеп 25 жыл пайдаланылды.
        1962 жылдан бастап жеті жылдық мектеп сегіз жылдық мектепке ауыстырылды, сол жылы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепте сегіз класс комплектісі болды. Мектептің педагогикалық құрамы Құрманалин Кәдір басшылығымен толықтай жұмысын жалғастырған. 1963-1964 оқу жылы мектеп ұжымы Нұртаев Х, Қитанов К, Баетов М., Ермұханов Ж, Балуанғалиева М, Қосанова Б. сынды жас мамандармен қамтылды.                                   
            1966-1967 жылдары мектеп директоры болып Мұхтаров Қайыржан қызмет еткен кезде мектептегі оқушы саны көбеюіне байланысты,  әр бастауыш класты бөлек бір мұғалім оқытатын дәрежеге жеткен.
           1967-1968 оқу жылдары Жакиев Сағидолла 6 ай, Сатығалиев Хасен 6 ай мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1968-1969 оқу жылдарында мектеп сегізжылдық мектептен Құрманов атындағы орта мектебі атауына ауыстырылып, мектеп директоры болып Тәженов Орақ тағайындалған.
           1969-1987 оқу жылдары Есенғарин Сағын, Ержанов Мінсізбай, Нұрлыбек Қалауов Құрманов атындағы орта мектебінде директор міндетін атқарып, мектептегі оқу процесінің өсуіне үлестерін қосқан.
     1985 жылы Көптоғай селосының орталығында 3 қатарлы зәулім мектеп  ғимараты еңсесін көтеріп, 1987-2002 оқу жылында Құрманов орта мектебінің  директорлығына   19 тамыз күні Нұғыманова Гүлжамал Аққайдауқызы   сайлау арқылы тұрған. Сол кезде мектепте 73 мұғалім,715 оқушы болған.
© 2024 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Құрман орта мектебі» КММ КГУ «Курманская средняя школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области